409-бап. Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді дербес қолдану ерекшеліктері

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Жеке тұлға салықтық шегерімдерді қолдану құқығын растайтын құжаттар негізінде әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімін және әлеуметтік салықтық шегерімді қолданады. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі ішінде жеке тұлғада сақталады.

2. Салық агентінде түзілген салықтық шегерімдердің асып кету сомасын, сондай-ақ салық агентінде қолданылмаған салықтық шегерімнің сомасын жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын салық салынатын кірісін есептеу кезінде жеке тұлға өзі дербес ескереді.

AI-ға сұрақ қою →
.