398-бап. Бақыланатын шетелдік компания жөніндегі жалпы ережелер

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы екі рет салық салынуға жатпайды.

Қосарланған салық салу мынадай ережелерді қолдану арқылы жойылады:

1) осы Кодекстің 399-бабына сәйкес салық салудан босату;

2) осы Кодекстің 399-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келген кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын түзету;

3) осы Кодекстің 399-бабына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын азайту;

4) осы Кодекстің 413-бабының 2-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызу.

AI-ға сұрақ қою →
.