395-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кіріс

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Жеке тұлғаның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алған кірісіне мыналар жатады:

1) салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кіріс;

2) салық агентіне тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кіріс.

Салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесі алған (алуына жататын) кірісі де салық салуға жататын салық агентіне көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кіріс деп танылады.

AI-ға сұрақ қою →
.