392-бап. Дара кәсіпкердің кірісі
Баптың ресми мәтіні
Дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі кірісі дара кәсіпкер ретіндегі қызметінен салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерде алған кірістерінен тұрады және:
осы Кодекстің 238 – 254-баптарында, 27 – 31-тарауларында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 237-бабында белгіленген корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті айқындау тәртібіне ұқсас жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібімен
және (немесе)
осы Кодекстің 16-бөліміне сәйкес арнаулы салық режимінде айқындалады.