381-бап. Сақтандыру шарттары бойынша кіріс
Баптың ресми мәтіні
Мыналар салық салуға жататын, сақтандыру шарттары бойынша кіріс болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сақтандыру төлемдері;
2) жинақтаушы сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда төленетін сатып алу сомалары;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі көздерден алынған сақтандыру төлемдері.