376-бап. Зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Зейнетақы төлемдері түріндегі, салық салынуға жататын кіріске мыналар жатады:

1) жеке тұлғалардың зейнетақы жинақтарынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;

2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, оның ішінде жасы бойынша, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;

3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төленуін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақылар;

4) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдері;

5) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлем.

AI-ға сұрақ қою →
.