369-бап. Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын зейнетақы аннуитетіне байланысты сомалар

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын зейнетақы аннуитетімен байланысты сомаларға мыналар жатады:

1) жасалған жинақтаушы сақтандыру (зейнетақы аннуитеті) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеу үшін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында атына жеке зейнетақы шоттары ашылған жеке тұлғалардың өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына жіберілген зейнетақы жинақтарының сомалары;

2) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуға жататын ақша сомасы;

3) бір сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде алынған және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен басқа сақтандыру ұйымына жіберілген сатып алу сомасы.

AI-ға сұрақ қою →
.