363-бап. Салық мөлшерлемелері
Баптың ресми мәтіні
Жеке тұлғаның салық салынатын кірістері жеке табыс салығының мынадай мөлшерлемелері бойынша салық салынуға жатады:
1) осы баптың 2) – 4) тармақшаларында көрсетілгендерден басқа кірістер – күнтізбелік жыл үшін мөлшерлемелердің мынадай прогрессивтік шәкілі бойынша:
№ | Салық салынатын кіріс сомасы | Мөлшерлеме |
1 | айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшеріне дейін* (қоса алғанда) | 10 пайыз |
2 | айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшерінен жоғары* | салық салынатын кірістен айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшеріндегі* салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз |
2) жеке практикамен айналысатын адамның кірістері – 9 пайыз;
3) салық салынатын дивидендтер түріндегі кіріс күнтізбелік жыл үшін – мөлшерлемелердің мынадай прогрессивтік шәкілі бойынша:
№ | Салық салынатын кіріс сомасы | Мөлшерлеме |
1 | айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшеріне дейін* (қоса алғанда) | 5 пайыз |
2 | айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшерінен жоғары* | салық салынатын кірістен айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшеріндегі* салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз |
4) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын дара кәсіпкердің, шаруа немесе фермер қожалығының салық салынатын кірісі күнтізбелік жыл үшін – мөлшерлемелердің мынадай прогрессивтік шәкілі бойынша:
№ | Салық салынатын кіріс сомасы | Мөлшерлеме |
1 | айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшеріне дейін* (қоса алғанда) | 10 пайыз |
2 | айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшерінен жоғары* | салық салынатын кірістен айлық есептік көрсеткіштің 230 000 еселенген мөлшеріндегі* салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз |
*осы баптың 1), 3) және 4) тармақшаларын қолдану мақсатында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
Шаруа немесе фермер қожалықтары мыналар:
өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу бойынша;
өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша кірістерден түсетін, осы баптың 4) тармақшасында белгіленген тәртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасын 70 пайызға азайтуға құқылы.