362-бап. Жеке табыс салығын салу жөніндегі ережелерді қолдану тәртібі

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды салық агенті Қазақстан Республикасы азаматының, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент-жеке тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша:

1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен – осы тарауда, осы Кодекстің 39, 40, 43-тарауларында және 694-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;

2) бірыңғай төлем төлеу арқылы – осы Кодекстің 94-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

2. Резидент-жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеуді және төлеуді, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды осындай резидент-жеке тұлға:

1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен – осы Кодекстің 39, 40 және 43-тарауларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;

2) арнаулы салық режимінде – осы Кодекстің 16-бөлімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.

AI-ға сұрақ қою →
.