360-бап. Төлеушілер

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Мынадай:

1) жеке табыс салығы есептелетін, төлем көзінен ұсталатын және салық агенті бюджетке аударатын резидент-жеке тұлғаның салық салынатын кірісі;

2) жеке табыс салығы есептелетін және резидент-жеке тұлға бюджетке төлейтін, дербес салық салуға жататын осындай жеке тұлғаның салық салынатын кірісі түріндегі салық салу объектілері бар резидент-жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады.

AI-ға сұрақ қою →
.