333-бап. Жалпы ережелер
Баптың ресми мәтіні
Бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы екі рет салық салынуға жатпайды.
Қосарланған салық салу мынадай ережелерді қолдану арқылы жойылады:
1) осы Кодекстің 334-бабына сәйкес салық салудан босату;
2) осы Кодекстің 335-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келген кезде бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын салық салынғанға дейін түзету;
3) осы Кодекстің 335-бабының 5-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын салық салынғанға дейін азайту;
4) осы Кодекстің 346-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызу.