330-бап. Әлеуметтік салада қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
Баптың ресми мәтіні
Салықтық кезеңде осы Кодексте әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін белгіленген шарттарға сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдар осы Кодекстің 345-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.