325-бап. Цифрлық майнингтік пулдың, цифрлық активтер биржасының және цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаның кірісі
Баптың ресми мәтіні
1. Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаның цифрлық майнинг жөніндегі қызметтен түскен кірісі цифрлық майнингтік пул оған бөлген, өз қызметі нәтижесінде туындаған цифрлық активтер санының және осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалған олардың құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
2. Тұлғаның цифрлық майнинг жөніндегі қызметтен түскен кірісіне цифрлық майнингтік пул комиссия ретінде ұстап қалған цифрлық активтердің құны жатқызылмайды.
3. Цифрлық майнингтік пулдың, цифрлық активтер биржасының цифрлық активтер түрінде алынған кірісі осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалған құн бойынша есептеледі.
4. Осы баптың мақсатында цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.