312-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт болмаған кезде өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша шегерімді айқындау үшін өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ауыстыру

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Жер қойнауын пайдаланушыда өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттың қолданылуы тоқтатылатын күні жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт болмаған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт жасасу құқығын пайдалануы үшін пайдалы қазбаларды табу болмаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын жер қойнауын пайдаланушының таңдауы бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет немесе келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуға ауыстыруға құқылы.

2. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша немесе келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуға ауыстыру бір мезгілде:

1) өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша салықтық есепке алуда – мыналар:

өндіру басталғанға дейінгі шығыстар;

осындай келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау болып табылатын осындай келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейінгі шығыстар; және

өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансының түзетулері ескеріле отырып, салықтық кезеңнің басында осындай келісімшарт бойынша өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын азайту жолымен;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша немесе келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуда – мыналар:

- өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ұлғайту;

- өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы болмаған кезде осындай топты қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.

3. Жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша және (немесе) келісімшарттан тыс қызмет бойынша біреуден көп салықтық есепке алуға ауыстырылған жағдайда, өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың берілетін құндық балансы осы Кодекстің 757-бабының 12-тармағында ортақ шығыстарды бөлу үшін белгіленген және жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу саясатында көрсетілген бөлу әдістерінің бірі негізінде осындай салықтық есепке алу арасында бөлінеді және ауыстырылады.

4. Осы бапта белгіленген ауыстыру жер қойнауын пайдаланушының салықтық тіркелімі негізінде жүргізіледі.

AI-ға сұрақ қою →
.