309-бап. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша қалыптасқан тіркеп-белгіленген активтер топтарының құндық баланстарын, кәсіпкерлік қызметтен болған залалдарды жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшартта ауыстыру және шегерімдерге жатқызу тәртібі
Баптың ресми мәтіні
Табылғаннан кейін басталған өндіруді бастау күні өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызмет аяқталған кезде, тіркеп-белгіленген активтер топтарының қалыптасқан құндық баланстары және кәсіпкерлік қызметтен болған залалдар:
1) өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансына енгізілуге;
2) осы Кодекстің 308-бабында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшартқа (келісімшарттарға) ауыстырылуға;
3) осы Кодекстің 306-бабында белгіленген тәртіппен осындай жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшартта шегерімдерге жатқызылуға тиіс.