296-бап. Аяқтау әдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Аяқтау әдісін қолданған кезде есепті салықтық кезеңде салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс мынадай тәртіппен айқындалады:

ұзақ мерзімді келісімшартты қолдану бүкіл кезеңінде ол бойынша алынуға жататын осы келісімшарт бойынша жалпы кіріс сомасы мен ағымдағы салықтық кезеңнің соңындағы осындай келісімшартты орындау үлесінің көбейтіндісі

алу

алдыңғы салықтық кезеңдерде салық салу мақсаттарында осындай келісімшарт бойынша кіріс.

2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, ұзақ мерзімді келісімшартты орындау үлесі мынадай формула бойынша есептеледі:

А / (А+Б), мұнда:

А – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді келісімшарт қолданысының алдыңғы және есепті салықтық кезеңдерінде осындай деп танылған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар сомасы;

Б – ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау үшін ұзақ мерзімді келісімшарт қолданысының келесі салықтық кезеңдерінде жүргізілуге тиіс осындай келісімшарт бойынша шығыстар сомасы.

Б көрсеткішіне енгізілетін шығыстар сомасы жобалау-сметалық құжаттамаға (немесе жұмыстардың осындай түрлері мен көлемдері туралы мәліметтер қамтылатын және тапсырыс берушімен келісілген өзге де құжаттарға) сәйкес ұзақ мерзімді келісімшарт қолданысының келесі салықтық кезеңдерінде жүргізілуге тиіс жұмыстардың түрлері мен көлемдері негізінде айқындалады.

3. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салықтық кезеңде осындай келісімшарттың орындалу үлесі бірге тең.

AI-ға сұрақ қою →
.