293-бап. Базалық активті беру жолымен орындау кезіндегі салықтық есепке алу ерекшеліктері

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Егер туынды қаржы құралы базалық активті сатып алу немесе өткізу мақсаттарында қолданылатын болса, онда көрсетілген базалық активті сатып алу немесе өткізу нәтижесінде төленуге жататын (жұмсалған) шығыстар және алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралдары бойынша шығыстарға және түсімдерге жатпайды.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялардан болатын түсімдер мен шығыстар салықтық есепке алу мақсаттарында осы Кодекстің базалық актив үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.

AI-ға сұрақ қою →
.