287-бап. Салық салу мақсатында есепке алынған шығындардан (шығыстардан) алып тастауға жататын шығындар (шығыстар)

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Салық төлеушінің алдыңғы есепті салықтық кезеңдерде салық салу мақсатында есепке алынған шығындары (шығыстары) мынадай жағдайларда:

1) сот тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің осындай салық төлеушіден іс жүзінде алынғанын анықтаған операцияларды қоспағанда, заңды күшіне енген сот актісімен анықталған, басшысы және (немесе) құрылтайшысы (қатысушысы) осындай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) оның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысты болмайтын салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша;

2) осы Кодекстің 7-тарауының 6-параграфында айқындалған тәртіппен әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушіні әрекет етпейтін деп тану туралы шешім шығарылған күннен бастап онымен жасалған операциялар бойынша;

3) жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған, жазып берілуі заңды күшіне енген сот актісімен немесе қылмыстық тергеп-тексеру органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысымен танылған шот-фактурада және (немесе) өзге де құжатта көрсетілген сома бойынша;

4) заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша шығыстар алып тастауға жатады.

AI-ға сұрақ қою →
.