281-бап. Тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстар шегерімі

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шығындарды қоспағанда, мыналарға:

салық салу мақсаттарында келіп түсуі танылғаннан кейін тіркеп-белгіленген активтерге;

пайдаланылуы уақытша тоқтатылған кезеңде салықтық есепке алуда осы Кодекстің 279-бабының 18-тармағына сәйкес шығып қалуы көрсетілген активке қатысты жұмсалған кейінгі шығыстар тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстар деп танылады.

2. Аударымдары осы Кодекстің 301-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын жою қорының қаражаты есебінен жүргізілген жер қойнауын пайдаланушының шығындары тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстарға жатпайды.

3. Салық төлеуші таңдауы бойынша кейінгі шығыстар жүргізілген салықтық кезеңде тіркеп-белгіленген активтер бойынша олардың сомасын:

1) шегерімдерге;

2) өзіне қатысты осындай кейінгі шығыстар жүргізілген актив түріне сәйкес келетін I топ объектісінің құндық балансын немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) құндық балансын ұлғайтуға;

3) актив түріне сәйкес келетін I топ объектісінің немесе топтың құндық балансы болмаған кезде – өзіне қатысты осындай кейінгі шығыстар жүргізілген актив түріне сәйкес келетін I топ объектісінің құндық балансын немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) құндық балансын қалыптастыруға жатқызуға құқылы.

AI-ға сұрақ қою →
.