268-бап. Қалдықтарды көму полигондарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және қалдықтарды көму полигондарын жою қорына аударымдар сомасының шегерімдері

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктегі арнаулы депозиттік шотқа аударылған, қалдықтарды көму полигондарын жою қорына аударымдар сомасын салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мөлшерде шегерімге жатқызады.

2. Салық төлеушінің салықтық кезең ішінде қалдықтарды көму полигондарын жоюға іс жүзінде шеккен шығыстары сол шығыстар шегілген салықтық кезеңде шегерімге жатады.

Салық төлеушінің арнаулы депозиттік шотта орналастырылған жою қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстары шегерімге жатпайды.

AI-ға сұрақ қою →
.