265-бап. Төленген міндеттемелер бойынша шегерім

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Салық төлеуші өзінің міндеттемелері бойынша жүргізген, алдыңғы салықтық кезеңдерде күмәнді міндеттемелер бойынша кіріс немесе міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріс деп танылған төлем сомасы бұрын танылған кіріс мөлшері шегінде шегерілуге жатады.

Бұл ретте төлем сомасы осы Кодекстің 485-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығын ұлғайту жағына қарай түзету сомасы шегеріле отырып айқындалады.

2. Шегерім төлем жүргізілген салықтық кезеңде жүргізіледі.

AI-ға сұрақ қою →
.