253-бап. Құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер бойынша құн өсімінен түсетін кіріс

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Осы баптың мақсаттары үшін мыналар:

1) 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес құны толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;

2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға енгізілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер болып табылады.

2. Құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер бойынша құн өсімінен түсетін кіріс әрбір актив бойынша мынадай сомада танылады:

1) өткізу кезінде – активті өткізу құны;

2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – активтің жарғылық капиталға салым ретінде берілген құны;

3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген активтің құны.

AI-ға сұрақ қою →
.