249-бап. Қалдықтарды көму полигондарын жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдаланудан түсетін кіріс
Баптың ресми мәтіні
Салық төлеушінің қалдықтарды көму полигондарын жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалануының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген сомасы қалдықтарды көму полигондарын жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдаланудан түсетін кіріс деп танылады және салық төлеушінің осындай пайдалануға жол берілген салықтық кезеңнің жылдық жиынтық кірісіне енгізілуге жатады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қалдықтарды көму полигондарын жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану сомасын белгілейді және мәліметтерді салық төлеушілерге және салық органына жібереді.