247-бап. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кіріс

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан алынатын оң нәтиже кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кіріс деп танылады. Мұндай нәтиже кәсіпорынды өткізу күнгі бухгалтерлік есепке алу деректері негізінде мынадай формула бойынша айқындалады:

кәсіпорынды (кәсіпорынның бір бөлігін) мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны

алу

берілетін активтердің баланстық құны

қосу

берілетін міндеттемелердің баланстық құны.

Егер алынған нәтиже теріс болып табылса, онда ол осы Кодекстің 258-бабының 11-тармағына сәйкес шегерімге жатады.

AI-ға сұрақ қою →
.