244-бап. Тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуынан түсетін кіріс

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. I топтың тіркеп-белгіленген активтерінің шығып қалуының нәтижесі мынадай формула бойынша айқындалады:

Тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалған объектісінің құны

алу

салықтық кезеңнің басындағы осындай объектінің құндық балансының сомасы

алу

осындай объектінің құндық балансын ұлғайтуға жатқызылған, салықтық кезеңде жүргізілген кейінгі шығыстардың жалпы сомасы.

Алынған нәтиженің оң немесе теріс мәні болуы мүмкін.

Егер салықтық кезеңде I топтың шығып қалған барлық тіркеп-белгіленген активінің шығып қалуынан алынған нәтижелердің жалпы сомасы оң мәнге ие болса, онда мұндай мән I топтың тіркеп-белгіленген активтерінің шығып қалуынан түскен кіріс деп танылады.

Егер I топтың шығып қалған барлық тіркеп-белгіленген активінің шығып қалуынан алынған нәтижелердің жалпы сомасы теріс мәнге ие болса, онда мұндай мән I топтың тіркеп-белгіленген активтерінің шығып қалуынан келген залал деп танылады.

2. Мынадай формула бойынша алынған оң мән топтың (II, III және IV топтар бойынша) тіркеп-белгіленген активтерінің шығып қалуынан түскен кіріс деп танылады:

салықтық кезеңде топтың шығып қалған барлық тіркеп-белгіленген активі құнының жалпы сомасы

алу

салықтық кезеңнің басындағы осындай топтың құндық балансының сомасы

алу

салықтық кезеңде осындай топқа келіп түскен барлық тіркеп-белгіленген активтің жалпы құны

алу

осындай топтың құндық балансын ұлғайтуға жатқызылған, салықтық кезеңде жүргізілген кейінгі шығыстардың жалпы сомасы.

3. Осы бапты қолдану мақсатында осы Кодекстің 279-бабына сәйкес I топ және (немесе) топтар (II, III және IV топтар бойынша) объектілерінің құндық балансы азайтылатын құн шығып қалған тіркеп-белгіленген активтің құны болып табылады.

4. Тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуынан түсетін кіріс осындай активтердің шығып қалуы орын алған салықтық кезеңде танылады.

AI-ға сұрақ қою →
.