243-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

Егер осы Кодекстің 321-бабында өзгеше белгіленбесе, мыналар:

1) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін – негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан асатын сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма;

2) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін – салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес, басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығы басқаға берілген күні борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.

Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салықтық кезеңде танылады.

AI-ға сұрақ қою →
.