236-бап. Салық салынатын кіріс немесе залал

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Салық салынатын кіріс, залал мынадай формула бойынша айқындалады:

ССК/Зал = ЖЖК – Аз +(–) Кт – Ш +(–) Шт, мұндағы:

ССК – егер мән оң болса, салық салынатын кіріс;

Зал – егер мән теріс болса, кәсіпкерлік қызметтен келетін залал;

ЖЖК – осы бөлімге сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кіріс;

Аз – осы Кодекстің 255-бабына сәйкес жылдық жиынтық кірісті азайту;

Кт – осы Кодекстің 256-бабына сәйкес кірісті түзету;

Ш – осы бөлімге сәйкес айқындалатын шегерімдер;

Шт – осы Кодекстің 288-бабына сәйкес шегерімдерді түзету.

2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес формуланы қолдану кезінде алынған оң мән салық салынатын кіріс деп танылады.

3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес формуланы қолдану кезінде алынған теріс мән кәсіпкерлік қызметтен келетін залал деп танылады.

Салықтық кезеңдегі кәсіпкерлік қызметтен келетін залалды одан әрі салықтық есепке алу тәртібі осы Кодекстің 339 және 344-баптарында белгіленген.

AI-ға сұрақ қою →
.