225-бап. Бейрезиденттер

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Бейрезидент – осы Кодекстің немесе қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлға.

Бейрезидент-заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасында:

1) тұрақты мекеме құрмай;

2) тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырады.

Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыруы тұрақты мекеменің құрылуына әкелуі мүмкін.

AI-ға сұрақ қою →
.