219-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары және оларды жасау жөніндегі талаптар

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Уәкілетті орган салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті жүргізуді жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер қолданатын бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын және (немесе) оларды жасау жөніндегі талаптарды белгілеуге құқылы.

Аталған дара кәсіпкерлер электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бастапқы есепке алу құжаттарын ресімдеуді жүргізуге де құқылы.

2. Салықтық тіркелімдердегі жазбалар бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі.

AI-ға сұрақ қою →
.