193-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беріледі.

2. Шағымда:

1) шағым берілетін уәкілетті органның атауы;

2) шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты не толық атауы, оның тұрған жері;

3) шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

4) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;

5) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;

6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) қолтаңбасы және шағымды берген күнi;

7) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

4. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

5. Шағымға:

1) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

2) шағымды салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі берген жағдайда сенімхат;

3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса беріледі.

AI-ға сұрақ қою →
.