174-бап. Бақылаудың өзге де нысандары бойынша жалпы ережелер
Баптың ресми мәтіні
Салықтық әкімшілендіру шеңберіндегі бақылаудың өзге нысандары мыналарды қамтиды:
1) Қазақстан Республикасында өндірілген немесе Қазақстан Республикасына импортталған акцизделетін тауарларды бақылау;
2) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
3) мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;
4) уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және Мемлекеттік корпорацияның қызметін бақылау;
5) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау;
6) ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінген тауарлар айналымының қадағаланып отыруы;
7) салықтық зерттеп-қарау.