172-бап. Есепке алу құжаттары және өзге де құжаттар болмаған кездегі салықтық тексерулер

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Егер салықтық тексеруді жүргізу барысында салық төлеуші (салық агенті) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттардың барлығын немесе бір бөлігін ұсынбаған болса, салық төлеушіге (салық агентіне) міндетті түрде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну немесе қалпына келтіру туралы талап (бұдан әрі – құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну немесе қалпына келтіру туралы талап), сондай-ақ салықтық тексеруді тоқтата тұру туралы хабархат ұсынылады.

2. Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну немесе қалпына келтіру туралы талап салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 171-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен ұсынылады.

3. Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну немесе қалпына келтіру туралы талапты орындау мерзімі табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнін құрайды.

4. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған салық төлеуші (салық агенті) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну немесе қалпына келтіру туралы талап бойынша көрсетілген құжаттарды ұсынбау себептеріне жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

AI-ға сұрақ қою →
.