155-бап. Кешенді салықтық тексеру
Баптың ресми мәтіні
1. Кешенді салықтық тексеру – салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің барлық түрлері бойынша салықтық міндеттемені және әлеуметтік міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша салықтық тексеру.
Кешенді салықтық тексеруге тақырыптық салықтық тексерулер мәселелері енгізілуі мүмкін.
2. Салық төлеуші таратылған немесе оның қызметі тоқтатылған кезде тек қана кешенді салықтық тексеру (бұдан әрі – таратудың салықтық тексеруі) жүргізіледі.
Резидент – заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тіркеу есебінен шығарылған кезде кешенді салықтық тексеру, салық төлеуші осындай тексеруді жүргізуге өтініш берген жағдайды қоспағанда, жүргізілмейді.