138-бап. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылауды салық органы тәуекелі жоғары электрондық шот-фактуралардың жазып берілуінің жолын кесу мақсатында жүргізеді.

2. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау:

1) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін автоматтандырылған бақылау (бұдан әрі – автоматтандырылған бақылау);

2) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін салыстырмалы бақылау (бұдан әрі – салыстырмалы бақылау) нысанында жүргізіледі.

AI-ға сұрақ қою →
.