136-бап. Камералдық бақылау
Баптың ресми мәтіні
1. Камералдық бақылау – салық органы салықтық нысандарды, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асыратын іс-шара.
2. Камералдық бақылаудың мақсаты салық төлеушіге (салық агентіне) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу бойынша салықтық міндеттемелерді дербес орындау құқығын беру болып табылады.