134-бап. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту

BuhGPT редакциясы · Бөлім сарапшысы: Сапа Татьяна Ивановна

Баптың ресми мәтіні

01.07.2026 жағдай бойынша редакция. «Әділет» жүйесімен 2026-10-12 салыстырылды. Дереккөз — ҚР НҚА «Әділет» эталондық бақылау банкі →

1. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндірісі жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту салық төлеуші өнімді өндіру кезінде осындай тауарларды пайдаланған жағдайда жүргізіледі.

2. Тауарлар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен өнім өндіру мақсаттары үшін импортталған деп танылады.

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, қайта өңдеуге арналған тауарлардың, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

3. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.

AI-ға сұрақ қою →
.