106-бап. Салықтық тіркеу талаптарының сақталуын мониторингтеу
Баптың ресми мәтіні
Салықтық тіркеу талаптарының сақталуын мониторингтеу – салықтық тіркеу туралы ережелердің сақталуы бөлігінде осы Кодекс талаптарының сақталуын бақылау мақсатында салық төлеушінің қызметі туралы салық органында бар мәліметтерді және уәкілетті мемлекеттік органдардың, банк ұйымдарының өзге мәліметтерін жинау және талдау.